Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылық және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.Мәжілістен кейін аудан әкімі арнайы жиын өткізіп аймақ басшысының тапсырмаларына сәйкес жауапты сала басшыларына аудандағы еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және бірқатар өзекті мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиынға жауапты сала басшылары, жеке кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар мен шаруашылық өкілдері қатысты. Мәжілісте кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарындағы еңбек жағдайы, жұмысшылардың құқықтарын сақтау, жалақыны уақытылы төлеу және еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мәселелеріне басымдық берілді.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысшылардың талап-тілектеріне бейжай қарамай, туындаған мәселелерді заң аясында және уақытылы шешу қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ еңбек ұжымдары арасында елдегі және өңірдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігін атап өтті.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысшылардың талап-тілектеріне бейжай қарамай, туындаған мәселелерді заң аясында және уақытылы шешу қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ еңбек ұжымдары арасында елдегі және өңірдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігін атап өтті.Бұдан бөлек, аудан аумағындағы жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бүгінде ауданда 7 жанар-жағармай операторы мен 15 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істейді. Осыған байланысты жауаптыларға қажетті жанар-жағармай қорын қалыптастыру, жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.














