Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда газ баллондарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Қазақстанда газ баллондарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Пилоттық жобаны жүзеге асыруды Энергетика министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың Бірыңғай операторы — Tañba компаниясымен бірлесе жүргізеді.
Фото: gov.kz
2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Қазақстанда тұрмыстық баллондарда сатылатын сұйытылған мұнай газының таңбалануы мен қадағалануы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгінде айналымда 800 мыңнан астам тұрмыстық газ баллоны бар. Жыл сайын жарамсыз немесе мерзімі өткен баллондарды қолдануға байланысты 100-ден астам жарылыс тіркеледі.

Пилоттық жоба аясында таңбалау кодтарын енгізу тәсілдерін, қолданыстағы бизнес-процестермен интеграцияны және айналымға қатысушылардың операциялық қызметіндегі ықтимал өзгерістерді сынақтан өткізу жоспарланған.

Газ баллондарын цифрлық таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру — жүйелі есепке алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық кезеңдерде қадағалау үшін маңызды қадам. Пилоттық жоба қорытындысы бойынша бұл тауар тобына міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта міндетті таңбалау үш тауар тобына енгізілген: темекі өнімдері, аяқкиім және дәрілік заттар. Мотор майлары, сыра және сыра сусындары, зергерлік бұйымдар, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталған. БАД өнімдері бойынша жоба іске асырылуда, ал тұрмыстық химия тауарлары бойынша пилоттық кезеңді іске қосу жоспарлануда.
03 шілде 2025 ж. 154 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031