Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар

Қызылордада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар

Kyzylorda-news.kz. Облыста 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 835 бала бар. Оның 750-і толыққанды отбасында тәрбие алса, 85 бала білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.
Сондай-ақ, балалар ауылының түлектерін әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет етеді. Онда 16-23 жас аралығындағы 29 жасөспірім тәрбиеленеді. Оның 12-і жоғары оқу орындарында, 17-ы кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында оқиды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Жүнісова Шолпан хабарлады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері толық мемлекеттің қарауында. Өткен жылы асыраушысынан айырылған 95 баланың 80-і қорғаншылыққа, 3-і сәбилер үйіне орналастырылды. Ал облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде төрт бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін 8 білім бөлімдері бар. Олар өз кезегінде балаларды асырап алу және тәрбиелену бойынша заң аясында жұмыс істейді. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жанындағы қабылдаушы ата-аналар мектебі әр аптаның сенбі күндері екі тілде қашықтықтан курс ұйымдастыруда. Аталған курстан 256 үміткер сертификат алды. Бүгінгі күні 45 үміткер қашықтықтан білім алуда», – деді Шолпан Жүнісова.
18 ақпан 2022 ж. 848 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031