Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда жетім балалар интернаттың алдында үш күн ауруханаға жатып шығады

Енді Қазақстанда жетім балалар интернаттың алдында үш күн ауруханаға жатып шығады

Дәрігерлер олардың денсаулығын толық тексеріп береді

Енді Қазақстанда жетім балалар интернаттың алдында үш күн ауруханаға жатып шығады
Фото: istockphoto.com
2025 жылдан бастап Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернат ұйымдарына жолдау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Енді бала (жетім бала – авт.) анықталған сәттен бастап қорғаншылық және қамқоршылық органдары оларды толық тексеруден өткізу үшін алдымен үш тәулікке дейін медициналық ұйымдарға уақытша орналастыруға міндетті», - деп хабарланған министрліктің ресми сайтында.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, бұл қадам баланың денсаулығын дер кезінде тексеруге, қажет болса медициналық көмек көрсетуге және заң аясында әрі қарай қолдауға мүмкіндік береді.

Өзгеріс Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету туралы заң аясында қабылданған. Дереккөзге сүйенсек, республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 111 ұйым бар болса, олардың ішінде 3,6 мың жетім бала бар. Сондай-ақ, 17 мыңнан астам жетім бала отбасылардың қамқорлығында өсіп жатыр.
10 қыркүйек 2025 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930