Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

© Sputnik / Владислав Воднев
Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне арналған. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталады.
Атап айтқанда, қаражатты "Қазсушар" ШЖҚ РМК "Су метрология" филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарлануда.
Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі.
12 қыркүйек 2024 ж. 211 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930