Конгода Эбола жұқтырғандар саны 1 203 адамға жетті
Соңғы бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 48 адамға, көз жұмғандар саны 17 адамға артты.

Фото:pixabay
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғаны расталғандар саны 1 203 адамға жетті.
Бұл туралы Конго Демократиялық Республикасының Байланыс және БАҚ министрлігінің күнделікті бюллетенінде айтылған.
Соңғы тәулікте расталған жағдайлар саны 48-ге артқан. Аурудан қайтыс болғандар саны бір күнде 17 адамға көбейіп, 321-ге жетті. Өлім-жітім көрсеткіші 26,6 пайызды құрайды.
Еске салсақ, Эбола безгегінің қазіргі өршуі 15 мамырда Конго Демократиялық Республикасының шығысында тіркелген. Инфекцияның таралу ошағы Итури провинциясында орналасқан. Ауру жұқтыру және өлім жағдайлары көршілес Угандада да тіркелді.










