Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Қазалы ауданында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы барысында Әйтеке би кентіндегі Р. Бағланова, Жанқожа батыр, В. Счастнов, Әйтеке би сынды орталық көшелердің бойындағы шөптер шабылып, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аяқ су арықтары күзгі жапырақтар мен қураған шөптерден тазартылып, ағаштардың артық бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді.Сондай-ақ көше бойлары, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру, санитарлық талаптарға сәйкестендіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.
Тазалық акциясы аясындағы жұмыстар аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде де жүйелі түрде жалғасын табуда. Бұл жұмыстарға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар атсалысуда.Тазалық – ортақ жауапкершілік. Ауданның көркеюі мен қоршаған ортаның таза сақталуы әрбір тұрғынның туған жерге деген жанашырлығына байланысты. Сондықтан барша аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысып, елді мекендердің көркін арттыруға үлес қосуға шақырамыз.
09 қараша 2026 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30