Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін....»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін....»

Құрметті менің достарым! «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» үндеуіме құлақ ассаңыздар!
Есірткі – жасөмірді  улаушы.
Елбасының Қазақстан халқына  Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
 Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді.Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбе!. «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің алға қойған мақсатымыз: зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – азаматтар мен азаматшалар болып өсу. Тәуелсіз еліміздің болашақ жас ұрпақтарының денінің саулығы мықты болса, сонда ғана еліміз биік шыңдардан көрінеді. Дені сау,сауатты жастармыз көбейеді. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» барлық зиянды әдеттерден аулақ болайық! Тәуелсіз мемлекетімізге сай салмақты, сабырлы, жат қылық көрсетпей, білімді ұрпақ болып өсе берейік! Бізге қымбат бағалы дүние – денсаулығымыз, отбасымыз екенін естен шығармағанымыз жөн. Есірткімен өміріміздің бүлінуіне жол бермейік! Өміріміздің жақсы болып өтуі – өзіміздің қолымызда! Болашақ Қазақстанның жайнауы, көркеюі, дамуы – мына біздің, жастардың қолында. Еліміздің даму жолында өз үлесімізді қосайық! Болашақ жас ұрпақ, зиянды әдеттен аулақ болуға шақырамын!
Дәрібай АМАНДЫҚ,
Қазалы қаласы  Ғани Мұратбаев атындағы
№ 17 орта мектебінің 9А сынып оқушысы
#есірткігеқарсы,#противнаркотков
27 қаңтар 2022 ж. 734 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 36

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930