Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент

Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент

Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті. 

Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент
Фото: видеодан алынған скрин
— Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын. Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл — алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз. Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет екенін атап өтті. 
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялап жатқанын жазған едік. 

28 қазан 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031