Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев елде ауқымды құрылыс жұмыстарын жариялады: Бұған Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді

Тоқаев елде ауқымды құрылыс жұмыстарын жариялады: Бұған Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет елімізде бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Оның аясында өңірлерде халыққа қажетті нысандар салынып, қолданыстағы инфрақұрылым жаңартылады.

"Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет", – деді Тоқаев.

Президент экономикалық көрсеткіштерге де тоқталды. Оның сөзінше, Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтап, жан басына шаққанда 19 мың доллардан асады. Сонымен қатар ел экономикасы көлемі жағынан әлемде 47-орынға көтерілмек. Ал өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14 пайыздан асқан.

Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі 130 миллиард доллардан асқанын айтып, осы мүмкіндіктерді елдегі инфрақұрылымды дамытуға пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек Тоқаев ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті.

"Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз. Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс. Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс", – деді мемлекет басшысы Тоқаев.
Сондай-ақ президент қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек деп отыр.

"Бұл – "Таза Қазақстан" жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап. Егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады. Еліміз ұдайы қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру өте маңызды. Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты. Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз. Бұған дейін де айттым. Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет", – деп түсіндірді ел басшысы.
Тоқаев облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін жан-жақты зерттеп, талдау жұмысын жедел аяқтауды тапсырды.
28 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031