Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com
Синоптиктер 10-12 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-шығыс және орталық өңірде қалың қар жауады деп болжанса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Солтүстік өңірлерде бұрқасын мен боран соғып, республика бойынша жолдарда көктайғақ болады.
Еліміздің батыс бөлігінде түнде термометр бағаналары -28 градустан +2 градусқа дейін көтерілсе, күндіз ауа температурасы -13-тен +10 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыс өңірінде түнде -33 градусқа дейін аяз болып, күндіз -20 мен +3 градус аралығына дейін өзгереді.
Солтүстік Қазақстанда қыстың соңғы лебі әлі сезілетін болады. Түнде ауа температурасы -33-тен -10 градусқа дейін, күндіз -25-тен -7 градусқа дейін суық болады. Орталық Қазақстанда түнде -30 градусқа дейін төмендеп, кейін -10-ға дейін көтерілуі мүмкін, ал күндізгі көрсеткіш -20 мен 0 градус аралығында болмақ.
Оңтүстік өңірлерде түнде -23-тен -7 градусқа дейін суық болса, күндіз күн жылынып, 0-ден +5 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз термометр бағаналары 0 мен -15 градус аралығын көрсетеді.



09 наурыз 2026 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031