Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған ауа райы болжамын айтты

Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған ауа райы болжамын айтты

Фото: depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 3, 4 және 5 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы
3 маусымда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
4 маусымда күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
5 маусымда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
3 маусымда күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
4 маусымда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
5 маусымда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

Қазақстанда нөсер жауады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын айтқан болатын: күн күркіреп, нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауылды жел соғуы мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

02 маусым 2026 ж. 230 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031