Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық ұстаз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Қазалылық ұстаз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Бүгін Ұстаздар күні мерекесіне орай ауданның білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Бердікен Мергенбаев атындағы №226 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Елордада өткен мерекелік жиында мемлекеттік награданы Мирамкүл Жеткербайқызына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Мирамкүл Жеткербайқызы – ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнаған, кәсіби білімі мен педагогикалық шеберлігі қалыптасқан тәжірибелі ұстаз. Ол қазақ тілі мен әдебиетін оқыту арқылы шәкірттерінің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеп, білімге деген қызығушылығын арттырып келеді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл жоғары құрмет – Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызының ұстаздық жолдағы адал еңбегіне, кәсіби біліктілігіне және жас ұрпақтың болашағына қосқан үлесіне берілген лайықты баға.
Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылының аяғында ауданымыздың тағы бір ұстазы – Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің музыка пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аяп Гүлнар Әбілпаттарқызы да Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 мамырдағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын.
Білім саласында 37 жыл табысты еңбек еткен Гүлнар Әбілпаттарқызы – тәжірибелі педагог, білікті ұйымдастырушы әрі шығармашыл ұстаз. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық өнер, білім байқауларында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Ұстаздарымыздың мемлекеттік наградалармен марапатталуы – олардың ел болашағына, білім мен тәрбие ісіне қосқан еселі еңбегінің лайықты бағасы.
Мирамкүл Жеткербайқызын және Гүлнар Әбілпаттарқызын «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
06 қазан 2026 ж. 71 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031