Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – ұлт болашағының айнасы

Ұстаз – ұлт болашағының айнасы

Мұғалім қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізуде және оларға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ол бала жанын сезе білуге бейім болуы керек. Балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы, шәкіртте де ұстазға деген сезімін тудырады.
Қазіргі кезде қадірлі мамандықа қойылатын талаптардың бірі оның өзі тарапынан оқушы мен ата-ана, әріптестермен демократиялық, гуманитарлық педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі.
Бүгінде еңбек адамдары ерекше құрметке ие. Солардың қатарына білім беру саласының мамандары да енеді. -ағылшын тілдерін меңгерген жас мұғалім Ғ.Мұратбаев атындағы №91 Бұл жолы Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мирамкүл Жұмағазы жайлы айтуды жөн көрдік. Оның еңбек өтілі қырық жылға жуықтайды. Соның жиырма үш жылын қазіргі қызметінде өткерді. Алғаш французмектептен бастаған болатын. Одан соң №170, Қазалы қаласындағы №17, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. Ізденімпаз ұстаз жайлы әріптестері мен мектеп басшысының пікірі ерек. Ұжымдастары арасында құрмет пен сыйға бөленіп, шәкірттері жетістіктерімен ата-ана алдында мәртебесін көтереді.
– Ұжым ұйымшыл. Тапсырма берілгенде дереу орындауға барлығы атсалысады. Бізде білімпаз, жан-жақты ізденімпаз мұғалімдер қатары мол. Соның бірі – Мирамкүл Жұмағазы деп мақтанышпен айтуға болады. Ол өз тәжірибесінде озат технологияларды үнемі қолданып келеді. Сабақ барысында білім сапасын нәтижеге бағыттауда бәсекеге қабілетт. Өзіндік даралығын сезіне білетін, танымдық қызығушылығы белсенді шәкірттер даярлауда аянбай еңбек етіп жүрген бірінші санатты тәжірибелі ұстаз.
Шығармашыл әрі тәжірибелі ұстаздың пәні бойынша жазған мақалалары, республикалық, облыстық жинақтарға енді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда қорғалып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Атап айтқанда, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасымен арнайы сертификатқа қол жеткізді. Ағылшын тілі пәні бойынша өткізілген республикалық «Қазақстан ұстаздары»қашықтық олимпиадасында бірінші орын, «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі – 2016» байқауында үшінші орын иесі атанды. «Daryn.online» білім беру платформасында ұйымдастырылған республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы. Тәжірибелі ұстаздың білім берген оқушылары жыл сайын ағылшын тілі пәні бойынша халықаралық, республикалық конкурстар мен байқаулардың, интернет олимпиадалардың және аудандық пән олимпиадасының жүлдегерлері атанып жүр, – дейді С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп директоры Қымбат Сермаханова.
Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, саналы әрі сапалы біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеуде еткен еңбегі бағаланып, аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен»және облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен»марапатталды.
«Intelligence.kz» республикалық ақпараттық ғылыми-педагогикалық журналының №135 және «Тіл және әдебиет» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналының №4 санына санына мақаласы жарияланды. Әркез білімін жетілдіруді мақсат тұтатын маман педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Сабақты зерттеу» (Lesson study) Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Мирамкүл Жиенбайқызы «Ұстаз – білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Әрине ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады» деген пайымда.
– Сабақ өткенде сындарлы оқыту әдістерін қолданамын. Негізінен 5-7 кластарға сабақ өту барысында әр түрлі ойындар арқылы,суреттер арқылы сабақты түсіндіріп бекітемін. Қазіргі кезде мұғалімдік жұмыс өте қиын әрі жауапты жұмыс. 8-11кластарға «Question-answer» «Verbal support», «Matching», «Librarian», «TPR» сынды әдіс-тәсілдерін пайдаланамын. Педагог-сарапшы ретіндегі ойым – оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген құлшыныстары жақсы. Өткен жылы 4 шәкіртім ағылшын тілі пәнін таңдап, ҰБТ-дан тест тапсырып өздері қалаған оқуларына түсті. Биыл да 10-кластарда 5 оқушы ағылшын тілін таңдап отыр. Өйткені бүгінде халықаралық санатқа қосылған ағылшын тілінің рөлі зор, – дейді Мирамкүл Жиенбайқызы.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Шынында да, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін жандардан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп осыдан шыққан болар. Сондықтан ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сол себепті өз ісіне жауапкершілікпен қарауға бейімделген Мирамкүл Жұмағазының ұйымдастыру қабілеті өте жоғары. Соның нәтижесінде шығармашыл әрі тәжірибелі ұстаз ретінде қалыптасты. Өзара қарым-қатынаста мәдениетті, мінезі ашық, қыметтестері арасында сыйлы. Бүгінде немере сүйіп отырған аяулы әже.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

14 қаңтар 2025 ж. 73 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 26

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 78

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 59

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 54

Талаптыға табыс көп

14 қаңтар 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031