Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SMS-код сұраған “дәрігерлерге” сенбеңіз: Денсаулық министрлігі ескерту жасады

SMS-код сұраған “дәрігерлерге” сенбеңіз: Денсаулық министрлігі ескерту жасады

Фото: Freepik.com
Қазақстанда өзін емхана не медициналық ұйым қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңырауы көбейген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай жағдайлар елдің әр өңірінде тіркеліп жатыр. Алаяқтар азаматтарға, әсіресе егде жастағы адамдарға хабарласып, SMS-кодты, жеке деректерді немесе күмәнді сілтемелер арқылы мәліметтерді беруге итермелейді.

Министрлік өкілдері медициналық ұйым қызметкерлері телефон арқылы SMS-код сұрамайтынын атап өтті. Кодтар тек цифрлық сервистерде авторизациядан өту кезінде ғана жіберіледі. Сондықтан азаматтарға бөгде адамдарға код пен жеке деректерін бермеу, телефон арқылы айтылған ақпараттың растығын тексеру және күмәнді қоңырау түскен жағдайда емханаға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылды.

Сондай-ақ министрлік тіркелу мәртебесін eGov.kz, eGov Mobile порталы немесе Damumed қосымшасы арқылы өз бетінше тексеруге кеңес берді. Ал дәрігер қабылдауына жазылу eGov.kz, eGov Mobile, медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары және тіркеу бөліміне телефон шалу арқылы жүзеге асырылады.

Қазір пациенттердің қабылдауға барғанын нақты уақыт режимінде бақылайтын жүйелердің бұзылғаны немесе рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелмеген. Егер жеке деректердің таралуына қатысты ресми шағымдар түссе, уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тексеріс жүргізіледі.

Министрлік бұл жағдайлар азаматтарды жаңылыстыру арқылы олардың жеке деректері мен қаржылық сервистеріне қол жеткізуді көздейтін кең таралған алаяқтық схемалардың белгілеріне сай келетінін мәлімдеді.
03 сәуір 2026 ж. 63 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930