Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 086 және 083 анықтамаларын алу жолы жеңілдетіледі

086 және 083 анықтамаларын алу жолы жеңілдетіледі

Қазақстанда ең маңызды медициналық анықтамаларды алу процедурасы жеңілдетіледі, деп хабарлады Алтайньюс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бұдан былай жұмысқа орналасу немесе оқуға тапсыру кезінде медициналық тексеруден өту жеңіл әрі жылдам болады.
Ондаған маманның кеңесіне жүгініп, кабинеттен-кабинетке жүгірудің еш негізі жоқ, – деді Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.
Енді медициналық тексеру тек үш кезеңнен тұрады:
Учаскелік терапевт-дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің консультациясы;
Психиатр-наркологтың консультациясы;
Флюорография
«Учаскелік дәрігер қандай да бір ауру болуы мүмкін десе ғана күдікті, қосымша басқа дәрігерлердің тексеруіне жібереді. Бірақ көп жағдайда 086У анықтамасы үшін ондаған дәрігердің қарауы мен мөртаңбасының қажеті жоқ», – дейді А.Айыпханова. Сондай-ақ көлікті басқару құқығын алу кезінде талап етілетін 083 және қаруды алып жүру құқығына қажет 108 анықтамаларын алу үшін медициналық тексеруден өту процесі де өзгереді.
«Біз екі жағдайды қарастыра отырып, жеті дәрігердің орнына үш маманның ғана кеңесі жеткілікті деп таныдық: терапевт, офтальмолог және психиатр-наркологтың консультациясы. Жаңа өзгерістер Әділет министрлігінде тексеріліп, бір немесе үш айдан соң қолданысқа енгізіледі», – деп нақтылады Айнұр Айыпханова.
https://arhar.kz/2019/08/02/086-zh-ne-083-any-tamalaryn-alu-zholy-zhe-ildetiledi/?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com​​​
08 тамыз 2019 ж. 1 402 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 36

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 35

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930