Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

Кәсіпкерлер алдағы уақытта қай салық режимі бойынша жұмыс істейтінін түпкілікті айқындады.

Бұл – шағын және орта бизнес арасында ең сұранысқа ие режим.

Оңайлатылған декларация кімдерге қолжетімді?
* Жылдық табысы 600 000 АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге).

Режимнің артықшылықтары:

Қызметкерлер санына шектеу жоқ, бұл жұмыспен қамтуды заңдастыруға ықпал етеді;
Бірыңғай КТС/ЖТС мөлшерлемесі – 4% (мәслихаттар мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендетуге немесе арттыруға құқылы);
ҚҚС-тан босату;
Декларация тапсыру және салық төлеу жылына 2 рет жүзеге асырылады.

Бұл шарттар бизнесті жүргізуді жеңіл әрі болжамды етеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді кімдер қолдана алады?
* Ай сайынғы табысы 300 АЕК-ке дейін (шамамен 1,3 млн теңге);
* Жалдамалы жұмыскерлері жоқ;
* ДК ретінде тіркелмеген;
* Рұқсат етілген қызмет түрлерін (40 түрі) жүзеге асыратын;
* Бұрын патент немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген ҚР азаматтары және қандастар.

Артықшылықтары:
ДК ретінде тіркелу талап етілмейді;
ЖТС-тан босатылады;
Табыстың 4%-ы мөлшеріндегі бірыңғай әлеуметтік төлем төленеді, оған зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар кіреді.

Бұл режим ресми түрде жұмыс істеуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғау алуға мүмкіндік береді.
02 наурыз 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031