Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 22 трлн теңгеден асып кеткен

Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 22 трлн теңгеден асып кеткен

Оның ішінде, 16 трлн теңгесі тұтынушылық несие
Фотоколлаж:
Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті. Оның 16 трлн теңгесі тұтынушылық қарыздарға тиесілі. Бұл — халықтың қарыз жүктемесінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттікке сілтеме жасай отырып.
Тамыз айында банктер қазақстандықтарға 1,8 трлн теңге көлемінде несие берген, бұл тұтынушылық несиелер портфелінің ұлғаюына себеп болды.
«Тұтынушылық несиелер тамыз айында 2,1%-ға өсіп, 16 трлн теңгеге жетті. Ипотекалық қарыздар 2,5%-ға артып, 6,6 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде нарықтық ипотека 3,8%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті», – делінген агенттік хабарламасында.
Теңгедегі тұтынушылық несиелер бойынша мөлшерлемелер жоғары деңгейде қалып отыр — 21,5%, ал ипотека бойынша – 8,6%.
Сонымен бірге, кредиттік портфель сапасы төмендеген: 90 күннен астам мерзімі өткен берешектердің үлесі (NPL90+) 4,5%-ға (1,07 трлн теңге) дейін өсті. Бұл көрсеткіш жылдың басында 3,8% болған.
«Мұндай несиелер бойынша провизиялармен қамтылу деңгейі 65,4%», – деп нақтылады агенттік.
Қыркүйек айына қарай банктердің активтері 66,6 трлн теңгеге жетті, ал сектордың сегіз айдағы табысы 14,7%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеден асты.
09 қазан 2025 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031