Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар Қазалыдағы тұрақты орман тұқымбағының жұмысымен танысты

Депутаттар Қазалыдағы тұрақты орман тұқымбағының жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев, Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов, сондай-ақ партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында халық қалаулылары Қазалы қаласындағы аумағы 33,5 гектарды құрайтын тұрақты орман тұқымбағының жұмысымен танысты. Аталған жоба 2023 жылы Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырыла бастады. Жобаны іске асыруға 414,2 млн теңге бөлінсе, техникалық базаны нығайту мақсатында қосымша 180,1 млн теңгеге арнайы техникалар сатып алынған.
2024 жылы облыстық бюджеттен 26,9 млн теңге қаралып, 30 маусымдық жұмысшы жұмыспен қамтылды. Сол жылы тұқымбақтағы 10 гектар сексеуіл учаскесіне құмдау (пескование) жұмыстары жүргізіліп, 714 кг II классты қара сексеуіл тұқымы себілді. Қазіргі таңда тұқымның тамыр байлануы жақсы деңгейде.
Бүгінгі күні тұқымбақта 45 адам тұрақты түрде еңбек етуде. Мұнда сексеуіл учаскелерін күтіп-баптаумен қатар, тамшылатып суару әдісі арқылы жапырақты және жемісті ағаш түрлері де отырғызылған. Сонымен бірге, қорғаныш жасыл жолақтар мен минералданған жолақтар құрылып, компосттау жұмыстары жүргізілген.
Танысу барысында депутаттар тұрақты орман тұқымбағы жобасының жоғары экологиялық маңызын ерекше атап өтті. Аталған бастама Мемлекет басшысының орман қорын ұлғайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталғаны, сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін маңызды қадам екені айтылды.
#AMANAT
17 шілде 2025 ж. 215 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 134

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 192

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 159

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930