Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада +5 градусқа дейін күн суытып, Алматыда ыстық сақталады 17

Астанада +5 градусқа дейін күн суытып, Алматыда ыстық сақталады 17

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы ұсынылды. 28, 29 және 30 тамызда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, тамыздың аяғында Астана мен Алматыда ауа райы айтарлықтай өзгеше болады. Елордада күн одан әрі суытады деп күтіледі, ал Алматыда жазғы жылы ауа райы сақталады.
Астанадағы ауа райы
28 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +24...+26 градус.
29 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус.
30 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +13...+15 градус.
Алматыдағы ауа райы
28 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус.
29 тамызда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус.
30 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус.
Қазақстанда күн күрт суытады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ жауып, күн суытуы мүмкін. Ауа райының егжей-тегжейлі болжамы мына жерден оқыңыз.
27 тамыз 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31