Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Ақорда Дәурен Қосановтың Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөзден

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, Дәурен Жұматайұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды.
1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген.
1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.
Үшарал жауынгерлік полкінде қызмет етті.
Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі болды.
Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;
Шымкент авиабазасының командирі;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

30 қыркүйек 2024 ж. 255 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 151

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031