Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Конституцияны халыққа түсіндіру жұмысын Қаринге тапсырды

Тоқаев Конституцияны халыққа түсіндіру жұмысын Қаринге тапсырды

Президент Конституцияны халық арасында түсіндіру мен дәріптеу өте жауапты жұмыс екенін атап өтті. 
Фото: АқордаФото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Конституцияның мазмұны мен қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіру және дәріптеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы азаматтар Ата заңның ережелерін жақсы біліп, оны күнделікті өмірде қолданған сайын Конституцияның маңызы арта түсетінін айтты.
«Конституция әр адамның қолында жүретін, жұмыс үстелінде тұратын, жеке кітапханасынан орын алатын құжат болуға тиіс деп есептеймін. Біз Конституцияда бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды бүкіл ел болып дәріптеуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Конституцияны халық арасында түсіндіру мен дәріптеу өте жауапты жұмыс екенін атап өтті.
«Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды», – деді Мемлекет басшысы.
Осылайша, Конституцияны түсіндіру жұмыстарының барысы бойынша Ерлан Қарин Президентке әр екі апта сайын есеп беріп отырады.

24 қыркүйек 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930