Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі айдан ұзақ уақытқа еңбекке жарамсыздық парағы берілетін аурулар тізімі нақтыланады

Қазақстанда екі айдан ұзақ уақытқа еңбекке жарамсыздық парағы берілетін аурулар тізімі нақтыланады

Фото: Freepik.com
Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулардың тізімі нақтылануы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасын “Ашық НҚА” порталында қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатта екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге негіз болатын аурулардың атауын нақтылау ұсынылған.
Министрлік өзгерістер тізімдегі аурулардың атауын еліміздің барлық өңірінде біркелкі әрі нақты қолдануға мүмкіндік береді деп түсіндірді.
Осы мақсатта әр ауру атауына Халықаралық аурулар жіктемесіндегі тиісті кодтарды қосу көзделіп отыр. Бұл ауру түрін нақты айқындауға және тізімді әртүрлі түсіндірудің алдын алуға тиіс.
Ведомство өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің нақтылау сипатында екенін атап өтті. Яғни қолданыстағы тәртіп түбегейлі өзгермейді, тек ауруларды белгілеу мен құжатты қолдану тәртібі біріздендіріледі.
Министрліктің мәліметінше, бұл тәсіл медицина ұйымдарында аталған тізімді қолдану кезінде ортақ тәртіп қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құжат жобасы 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Еске салайық, бұған дейін еңбекке жарамсыздық парағын сатып алған қазақстандықтарға 692 мың теңге айыппұл салынатыны ескертілгені хабарланған еді.
21 қыркүйек 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930