Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша өтемақыны көбейту ұсынылды

Елімізде уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша өтемақыны көбейту ұсынылды

Мәжіліс депутаттары еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төлемді қайта қарап, көбейтуді ұсынды. Мұндай бастаманы Еңбек конфедерациясы көтерген. Олардың сөздерінше, қазіргі жағдайда төлем жеткіліксіз болып отыр. Еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша азаматтарға ең көбі 46 мың теңге ғана беріледі екен. Ал пандемия кезінде бұл мәселе ушыға түсті дейді олар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
2016 жылдан бері Қазақстанда еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төлемінің нормасы 15 АЕК, яғни 46 мың теңге көлемінде бекітілген. Аталмыш механизмнің өзгермегеніне 6 жыл болған. Мұндай төлемдер ұзақ уақыт ауырған азаматтар үшін тиімсіз дейді Еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов. Ал бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екен.
"Ал енді қатар қойып көріңіздерші, ай сайын 200 мың теңге жалақы алған жұмысшы ауырған жағдайда 46 мың теңге ғана алады. Егер азамат коронавирус немесе өзге инфекциялық ауру жұқтырса, соңына дейін емделмей жұмысқа оралуы мүмкін. Нәтижесінде өзге қызметкерлерге инфекциялық ауру таратады", - деді Қазақстан Еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов.
Оның сөзінше, төлемнің ең жоғарғы мөлшерлемесі аз болғандық, жұмысшыларға ұзақ уақыт ауыру тиімсіз болады екен.
"Қазір біз еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төлемінің қалай есептелетінін көрсетеміз. Ең жоғарғы мөлшері – 15 АЕК немесе 46 мың теңге шамасында. Жұмысшының орташа айлығы 250 мың делік. Бір апта ауырды. Еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төлемін есептеу үшін орташа жалақыны жұмыс күндеріне, яғни 22 күнге бөледі. 11 363 теңге бір күндік жалақысы. Енді мұны сырқаттанған күндеріне көбейтеді. Әрі демалыс күндері есептелмейді, демек 5 күнге көбейтеміз. Нәтижесінде 56 615 теңге шықты. Алайда ең жоғарғы мөлшерлеме 46 мың теңге болғандықтан, ол 10 мың теңгеге кем алады. Жұмысшыға 4 күннен артық ауырған тиімсіз деген сөз", - деп қосты Мұрат Машкенов.
Жұмысшы 1 ай сырқаттанса да, оған бар-жоғы 46 мың теңге төленеді. Қазір бұл шығындарды жұмыс беруші толығымен өз мойнына алады. Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін конфедерацияда еңбекке жарамсыз қағазы бойынша төлемнің жұмыс күнінің деңгейіне дейін көбейту ұсынды. Ал барлық ауыртпалықты жұмыс берушіге ғана артпай, шығынның жартысын әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төлеу керек дейді.
"Біз – жұмыс берушінің әлеуметтік серіктесіміз. Сондықтан олардың да қызығушылықтарына назар аударымыз қажет. Әрі азаматтар мемлекеттік салық төлеп отыр емес пе? Бірақ бұл қаржының қайда кететінін біз білмейміз. Осы себепті мемлекеттік қазынаны бір қарап, еңбекке жарамсыздық бойынша төлем төлеуде үлес қосуымыз керек", - деп аяқтады Мұрат Машкенов.
Ал Еңбек министрлігі мен әлеуметтік сақтандыру қорында аталмыш бастаманы жақында ғана көтергендіктен әзірге пікір білдіре алмайтындарын жеткізген.
11 ақпан 2022 ж. 795 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 78

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 100

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 100

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 99

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 103

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031