Гастроэнтеролог неліктен алманы күн сайын жеген дұрыс екенін түсіндірді
Медицина ғылымдарының докторы, гастроэнтеролог Уилл Балсевич жеке блогында алманың пайдасы туралы айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Сарапшының айтуынша, бұл жемістің денсаулыққа пайдасы мол. Алманың құрамында талшық және фитонутриент көп.
"Кверцетин-3 - глюкозид алмада бар! Фитохимиялық заттар онкологиядан және басқа да аурулардан қорғауға көмектесетін емдік қасиеттерге ие", - деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар, сарапшы алманы барлық ауруға қарсы панацея деп санауға болмайтынын еске салды. Өйткені, денсаулықты сақтаудың маңызды компоненттері - дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты. Алма сонымен қатар пробиотиктердің жақсы көзі.
"Әр тіскебасардың орнына алманы таңдайтын болсаңыз, денсаулыққа пайдасы артады", - деді маман.
Дегенмен, толығымен дұрыс тамақтанбай, бір алмамен ғана барлық қажеттіліктің орнын толтыру мүмкін емесін ұмытпаған дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін алманың барлық пайдасын денеге сіңіру үшін оны қалай жеу керегі хабарланған болатын.
Алманың пайдалы қасиетін алу үшін оның шырынын ішкен дұрыс. Ал шырынды белгілі бір жолмен сығып алатын болса, денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екен. Бұл жаңа әдіс табиғи өсімдік қосылыстарын, антиоксиданттарды, полифенолдарды төрт есе көп сақтауға мүмкіндік береді. Алма шырынын оттегін кетіретін бұрамалы сүзгі сыққыш арқылы алу керек. Ғалымдардың сөзінше, жемістен шырын сығу кезінде оттегі болмаса, оның пайдасы да көбірек болады.