Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Синоптиктер тұрғындарға 3 негізгі сақтық шарасын ұсынды
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото:
© istockphoto.com
25 шілдеде Ақтөбе, Қостанай және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Синоптиктердің болжамынша, бұл елді мекендерде атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналу қаупі жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, метеорологиялық жағдайларға байланысты Ақтөбе мен Қостанай қалаларында тәулік бойы, ал Атырау қаласында түнгі уақытта ауа сапасының нашарлауы күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.



25 шілде 2026 ж. 42 0

Олимпке өрлеген ұстаз

25 шілде 2026 ж. 42

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 38

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031