Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді
Фото: Pixabay.comСиноптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
15 қыркүйек, сейсенбіде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысының кей жерінде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
Республиканың қалған аумағында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы +20…+27 °C-қа дейін көтеріледі.
Ал батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Батыста +19…+30 °C, шығыста +18…+25 °C, оңтүстік-шығыста +22…+28 °C болады.











