Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі талқыланды

Егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі талқыланды

Бүгінгі таңда егіс алқаптарында егіннің пісіп, диқандардың орақ салуға дайындығының қызған шағы. Алайда шаруашылықтар мен тұрғындардың малдары егін алқаптарына түсіп, дихандарға біршама шығын келтіруде.
Бүгін осыған сәйкес аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі қаралды. Егістік басындағы қазіргі жағдай туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов баяндады.
Аудан басшысы жайылымдағы қараусыз малдар егінге ауыз салып, дихандарға қыруар шығын келтіріп жатқанын айтып өтті. Осы орайда дихандардың еткен еңбегі мен төккен тері зая кетпеуі үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажеттігін ескертті. Орақ салу кезеңіне дейінгі егістік алқаптарының толық сақталуын және де әрбір гектарынан тиісті көлемде өнімнің жиналуына бірге атсалысуымыз қажет, - деген аудан басшысы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғани Құрманалиевпен аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасарына тиісті ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, егістік алқаптарына түскен малдың иесін анықтап, айыппұл салуға жұмыс жасауды тапсырды.
Сонымен қатар аудан көлемінде егістік жерлерді малдан қоруға байланысты құрылған штаб мүшелері ауыл шаруашылығы құрылымдарымен бірге әрбір ауылдық округтерде штаб отырыстарын өткізу жөнінде тапсырма берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 қыркүйек 2024 ж. 110 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 117

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031