Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық: 12 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық: 12 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн жаңбырлы әрі салқын, ал елдің оңтүстігінде әзірге жылы болады. Батыс өңірлерде ауа райы біртіндеп тұрақтанып, жауын-шашын тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 20-22 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) - күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 17-22 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр,
күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың батысында 10 градус, күндіз 18-23, облыстың батысында 15 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматы облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 7-12 жылы, күндіз
30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстік-шығысында 25, таулы аудандарда 17-22 градус жылы болады. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.

Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыс орталығында және таулы аудандарда 11 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 29 градус жылы болады. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр.
Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Түркістан облысы - облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 10 градус, күндіз 25-30, таулы аудандарда 20 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.

Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 градус жылы. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың батысында 16 градус, күндіз 23-28, облыстың батысында 20 градус жылы. Ақтау - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.

Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың солтүстік-шығысында 3, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23 градус жылы. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 18-20 градус жылы.

Қостанай облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз
14-19, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы. Қостанай - бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 17-19 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 20-25, облыстың батысында, оңтүстігінде 17 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 9-14, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 22-24 градус жылы.

Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 27 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.

Ұлытау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде 15 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, облыстың таулы аудандарында 7 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 25 градус жылы. Өскемен - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Абай облысы - күннің екінші жартысында облыстың батысында, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 19 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың батысында 27 градус жылы. Семей - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда облысы - түнде облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28 градус жылы.Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.

Жамбыл облысы - облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 11, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы.
12 қыркүйек 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930