Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды

istockphoto.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл сайын табысталатын халықаралық сыйлық қоғам игілігі үшін қызмет етіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды, қазақстандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруды көздейді.
Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:
• «Үздік волонтерлік ұйым»;
• «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
• «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;
• «Үздік әлеуметтік көмекші»;
«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
• «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
• «Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;
• «Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;
• «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
• «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
• «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
• «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Әр үміткер сыйлықтың бір ғана номинациясына қатыса алады.
Құжаттар 2026 жылғы 7-27 қыркүйек аралығында қабылданады. Өтінім qazvolunteer@mail.kz электронды поштасы арқылы жолданады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру тәртібі мен байқау талаптары туралы толық ақпарат https://qazvolunteer.kz/kkжәне http://www.adilet.kz/ сайттарында жарияланды.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 74-12-86,74-03-11 нөмірлері бойынша алуға болады.

07 қыркүйек 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930