Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдағы волонтерлік ұйымдарға 1 млн теңгелік гранттар беріледі

Ауылдағы волонтерлік ұйымдарға 1 млн теңгелік гранттар беріледі

Ауылдағы волонтерлік ұйымдарға 1 млн теңгелік гранттар беріледі. Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумының кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадіров осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Былтыр 4 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік қызмет туралы» Заңға қол қойды. Ол заңда волонтерлік қызметтің жұмысына қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылған. Еріктілердің оқуға, жұмысқа түсуі кезінде басымдықтар болады. Сонымен бірге, қазір волонтерлік ұйымдарға негізінен жиналған жүкті сақтайтын қоймалар керек. Сол қоймаларды жергілікті органдар төмен бағамен немесе тегін беретіндей заңды тетіктер көзделген», - деді вице-министр.
Оның сөзінше, 2023 жылы волонтерлік ұйымдарды қолдау үшін 54 жоба қолға алынған.
«Соның ішінде 250 шағын грант беріледі. Әр гранттың сомасы 1 миллион теңгедей болады. Екі жылға дейінгі мерзіммен беріледі. Ол гранттардың көбі ауылды жерде волонтерлік ұйымдарды қолдауға бағытталып жатыр», - деді Данияр Қадіров.
20 маусым 2023 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930