Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде 6 орман өрті тіркелді

Бүгін елімізде 6 орман өрті тіркелді

2026 жылғы 6 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Фото: canva
Өңірлер бойынша:
  • Шығыс-Қазақстан облысы – 1 өрт;
  • Қарағанды облысы – 1 өрт;
  • Павлодар облысы – 1 өрт;
  • Қостанай облысы – 2 өрт;
  • Семей МОТР – 1 өрт.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты мониторингі нәтижесінде жедел анықталды.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары және арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Марқакөл ГПЗ-да және Алматы облысында өртті сөндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарына "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның тікұшағы жұмылдырылды.
"Қабылданып жатқан жедел шаралар нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеуде. Жағдай бақылауда. Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, табиғат аясында барынша сақтық танытуға шақырамыз", – делінген хабарламада.
06 қыркүйек 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930