«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
Бүгін Қазалы ауданының орталығы мен барлық елді мекенінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Сенбілік барысында аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Мәдени-демалыс кешені аумағында, М.Ғабдуллин, Қыз Жібек және Михайлюк көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, бей-берекет өскен шөптер шабылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, тазалық жұмыстарына атсалысып жатқан тұрғындар мен мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындардың көркейтілуін қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бүгінгі сенбілікке аудан бойынша 118 мекемеден 1 095 адам және 8 арнайы техника жұмылдырылып, полигондарға 11,2 тонна қоқыс шығарылды.
Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың күнделікті мәдениетінің көрінісі. Қоршаған ортаның тазалығынп үндейтін «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық шаралары аудан көлемінде әрі қарай да тұрақты түрде жалғасын табады














