Заманауи қанды тазарту әдісі
Қан тазалау организмнің қан айналым жүйесіндегі зиянды заттарды, токсиндерді, шлактарды немесе инфекцияларды жоюды қамтитын процесс. Қан тазалаудың әртүрлі әдісі мен тәсілі бар. Олардың арасында медициналық әдістер мен табиғи әдістер және өмір салтына қатысты өзгерістер кіреді. Қанның плазмасын алып, орнына жаңа немесе өңделген плазманы қайта инфузиялайды. Бұл әдіс автоиммундық аурулар мен басқа да кейбір медициналық жағдайды емдеуде қолданылады.Осындай тиімді тәсілді Қазалы теміржол ауруханасының тәжірибелі дәрігері Ерболат Жасанов пен хирургия бөлімінің аға мейіргері Гүлсара Құдабайқызы емделушілерге қолданады.
Ерболат Ермекбайұлының айтуынша, плазмаферез қанды тазартудың заманауи, қауіпсіз, ауыртпалықсыз және атравматикалық әдісі. Ол сұйық фракцияны жинақталған шлактары бар плазманы кейіннен алып тастау, жасушалық элементтерін қайтару және плазманы алмастырғыштармен алынған көлемді өтеу арқылы қанның бөлінуі. Иммунитет пен метаболизм және интоксикацияның бұзылуынан туындаған ауруларды жалпы қабылданған терапияның тиімсіздігі жағдайында емдеу кешеніне кіреді.
Қан айналымының бұзылуына, токсиндер мен антиденелер және иммундық кешендердің қандағы концентрациясының жоғарылауына байланысты табиғи «тазарту» және қорғаныс жүйелерінің, яки бауырдың, бүйректің, өкпенің, иммунитет жүйесінің «блокадасы» пайда болады. Уытты заттар лимфа жүйесіне, қан ағымына енеді және қанда (плазмада) көп мөлшерде айналады.
Бұдан әрі олар ағзалардың зақымдануын тудыра, тіндерде жинақталады. Плазмаферез бұл процесті тоқтатуға мүмкіндік береді. Шлактар алдымен қаннан, содан кейін тіндерден шығарылады (құрғату әсері). Алынған плазманы өтеу кезінде қан сұйылтуға қол жеткізіледі. Капиллярлардағы (ұсақ тамырлардағы) тоқырау азаяды, тіндерден сұйықтықтың түсуі артады. Барлық органдарда қан айналымы мен тіндердің тыныс алуын жақсартуға көмектеседі.
Плазмаферездің емдік әсері иммунокүшейтушілік, қабынуға қарсы, уытсыздандыру әсерлерін қамтиды. Атап айтқанда, айналымдағы иммундық кешендерді жою, антигендердің, антиденелердің шоғырлануын төмендетіп, микробтарды, токсиндерді, метаболизмнің соңғы өнімдерін плазмамен жояды. Сонымен бірге қабыну факторларын жойып, простагландиндер, тромбоксандар, лимфокиндер, қан ұйытқыларды, криоглобулиндерді қанның ұюын арттыратын заттарды тазартады. Жасушалық рецепторлардың гормондарға, дәрі-дәрмектерге сезімталдығын іске қосып, қажетті әсерге жету үшін қабылданатын дәрі-дәрмектердің дозасын азайтады. Қанның микроайналымы мен реологиясын және бұзылған метаболизмді қалпына келтіреді.
– Біздің қан орталығында плазмаферез екі негізгі әдіспен орындалады. Біріншісі – дискретті (қолмен) плазмаферез центрифуганың және консерванты бар стерильді бір реттік гемоконтейнерлердің көмегімен жүргізіледі. Қан алынады, контейнерлер центрифугаланады. Содан кейін плазма алынып, қан жасушалары пациентке қайтарылады. Сонымен қатар алынған плазманың көлемін өтейтін тұзды ерітінділер құйылады. Бір ғана плазмаферез сеансында 300-600 мл плазма алынады. Бұл ең қол жетімді әдіс, 1 сессияның ұзақтығы – 2-2,5 сағатқа созылады.
Екінші – автоматты (аппараттық) әдіс. Онда антикоагулянтты автоматты түрде берумен, плазманы автоматты іріктеумен және жасушалардың веноздық арнасына қайтарумен үйлестіріп, Hаemonetics PCS-2 (USA) аппаратының сепараторында алынатын қанның үздіксіз ағынын бөлуге негізделген. Аппараттық плазмаферез науқас үшін ең қолайлы және оның артықшылықтары бар. Олар: қан үшін жүйені толтырудың аз көлемі мен қан алудың, бөлінудің және жасушаларды қайтарудың үздіксіз циклі, қан жасушаларының аз жарақаттануы мен пайдаланудың қарапайымдылығы, айтарлықтай жылдамдық. Сеанстың ұзақтығы 60-90 минут және алынатын плазманың көлемі – 600-1000 мл болады.
Екі әдіс тек бір рет қолданылатын шығыс жүйелерін пайдалана отырып, бір инелі әдістеме бір перифериялық көктамырды пункциялау бойынша жүзеге асырылады, – дейді Ерболат Жасанов.
Плазмаферездің әсері бірінші сеанстан кейін көрінеді. Патологиялық өнімдердің концентрациясы едәуір төмендейді. Алайда бірнеше сағаттан кейін олардың қандағы мөлшері бастапқы деңгейге жақындайды. Бұл жасушадан тыс интерстициальды кеңістікте немесе жасушаларда орналасқан заттар тамыр арнасына енгенін көрсетеді. Плазмаферездің кейінгі сеанстары осы заттардың жойылуына ықпал етеді. Зиянды өнімдердің көп бөлігі тамырлы кеңістіктен тыс жерде орналасқанын ескеріп, бүкіл ішкі ортаны толығымен қалпына келтіруге әкеледі. Тұрақты оң әсер ету үшін айналымдағы плазманың жалпы көлемі 1-1,5 көлемін алып тастаумен 3-6 сеанс қажет. Алынған плазма тұзды ерітінділермен тиімді өтеледі.
Осылайша плазмаферезді емдік шаралар кешеніне қосу, әсіресе дәрі-дәрмекпен емдеу қиын аурулардың неғұрлым қолайлы ағымына, пациенттердің жағдайын едәуір жақсартуға және олардың дәрілік жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
Плазмаферездің көрсетілімдері әртүрлі ауруға байланысты. Оларға аллергиялық және аутоиммундық аурулар (бронх демікпесі, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және т.б.), тері аурулары (экзема, псориаз, атопиялық дерматит), неврологиялық аурулар (миастения грависі, Гийен-Барре синдромы), жүрек-қантамыр аурулары (жүрек ишемиялық ауруы, гипертония), бауыр аурулары (гепатит, гепатоз), метаболизм аурулары (қант диабеті, подагра), сондай-ақ урологиялық және акушерлік-гинекологиялық жағдайлар (созылмалы инфекциялар, бедеулік) жатады.
Дегенмен плазмаферездің кейбір қарсы көрсеткіші де бар. Оларға қан кетулер, жұқпалы аурулардың жедел кезеңдері, гипертермия, артериялық гипотония, ауыр анемия сияқты жағдайлар жатады.
Плазмаферез қанның құрамындағы зиянды заттарды жою мен ағзаның функционалдық жағдайын жақсарту үшін қолданылатын инновациялық әдіс. Осы әдісті аурулардың кешенді емінде қолдану, әсіресе дәрілік терапияның тиімсіздігі кезінде, пациенттердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аталған процедура ағзаның жалпы функционалдық жағдайын жақсартуға, токсиндерді, патологиялық өнімдерді және жағымсыз метаболизм қалдықтарын жоюға көмектеседі. Пациенттің денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА













