Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі елеулі мамандар

Еңбегі елеулі мамандар

Медбике ісі – денсаулық сақтау саласының құрамды бөлігі. Олардың әрбір ісі қоршаған орта жағдайының өзгеруіне байланысты жеке адамдар мен жалпы тұрғындардың күрделі мәселелерін шешуге бағытталған. Медбике өз ісінде ғылыми жұмыс ретінде практика жүзінде тексерілген, дәлелденген білімге арқа сүйейді.
Халықаралық медбикелер күні 1974 жылы қаңтарда Халықаралық медбикелер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бұл ұйымға әлемнің 140-тан астам елінің орта медициналық персоналының өкілдері кіреді.
Денсаулық жүйесінде медбикелердің еңбегі елеулі. Соның қатарында Қазалы теміржол ауруханасының хирургия бөліміндегі мейірбикелердің рөлі едәуір артып келеді. Хирургия бөлімінде 5 мейіргер, 2 медаға, 7 тазалықшы жұмыс істейді. Атап айтқанда, ота мейіргері Ә.Салмұрза, кезекші мейіргерлер: Ж.Жалғасбай, М.Қанатбай, Г.Карибаева, Б.Бақытжан, медағалар Р.Роман, А.Жанұзақ халыққа қалтқысыз қызмет көрсетеді. Осы қызметкерлердің жұмысын жүйелеп, әр күн ауысымын реттейтін аға мейіргер Гүлсара Жәрімбетова. Ол Екібастұз мейіркештер дайындау училищесіннен соң еңбек жолын 1988 жылы Қазалы теміржол ауруханасының емхана бөлімінің мейіргері есебінде бастады. Екі жылдан кейін қабылдау бөліміне ауыстырылады. Тағы екі жыл салып, хирургия бөліміне медбикелікке орналасады.
2010 жылдың мамыр айынан бастап, хирургия бөлімінің аға мейіргері лауазымына тағайындалады.
– Гүлсара Жәрімбет өзін іс тәжірибесі мол сауатты, білікті маман ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Тәртіптілігімен, жинақылығымен ерекшеленеді. Шұғыл жағдайда сауатты әрекет етеді. Медициналық манипуляцияларды жетік меңгерген. Тері астына, бұлшық ет арасына, көк тамырға дәрі егу, тамшылатып құю және биохимиялық, клиникалық, иммуноферменттік зерттеулерін меңгерген. Аурухана бойынша санитарлық-гигиена және противоэпидемиологиялық режим бойынша негізгі нормативтік құжаттардың талаптарын жақсы біледі. Қиын жағдайды қортындылай алады. Өзіне тиісті кәсіби құзіретінің және өклеттігінің шеңберінде шешім қабылдай біледі. Науқастың ауыр күйін және науқасты ауыр күйден алып шығу шараларын, медициналық көмектің көлемін және тізбегін анықтай алады. Қажетті шұғыл медициналық көмекті көрсете алады. Жасанды дем жасау, жүрекке массаж жасау, уланған жағдайда асқазанды жуу сынды алғашқы жәрдем жасайды. Ауруханаға жатқызу үшін көрсеткіштерді анықтайды. Науқастың жағдайын сәйкестігін бақылайды. Медициналық техникалық манипуляциясын қолдана біледі. Өмірге қажетті көрсеткіштерді анықтай алады. Яғни дене қызуы, тамыр соғысы, дем алуын бақылайды. Электрокардиография арқылы науқасының бар жоғын анықтап, қортындылайды. Ауыр терминалды жағдайда жатқан науқастар мен зардап шеккендердің күй жағдайын бағалап, бастауыш синдромдарын ерекшелейді. Уланған жағдайларды шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Дәрі-дәрмектің фармацевтикалық ережесіне сәйкес алынуын, сақталуын, пайдалануын толық игерген, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Күлмағамбетова.
Оның мәлімдеуінше, бөлім мейіргерлері қызметтік міндеттеріне сәйкес қажетті медициналық құжаттарды жүргізеді. Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға, науқастар мен зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек шараларын реттеп, науқастар мен халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын қадағалайды. Кәсіби деңгейлері мен білімін жетілдіріп отырады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмыс барысында Денсаулық сақтау министірлігінің бірыңғай ұлттық жүйені енгізу бағдарламасына жүгініп, «Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту» мәселесі бойынша жүйелі қызмет атқарады.
Гүлсара Жәрімбет қарамағындағы қызметкерлер ісін оңтайлы ұйымдастырып, қажетті кеңес беруге әрдайым әзір тұрады. Сондықтан тәжірибесі толысқан маман ретінде ұжым және халық арасында беделі жоғары, сауатты қызметкер саналады. Бүгінде жоғары санатты мейіргер жастардың ұстазы болып, білгенін үйретуден жалықпайды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

13 мамыр 2025 ж. 43 0

Еңбегі елеулі мамандар

13 мамыр 2025 ж. 44

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚАНЖЫҒАДА

13 мамыр 2025 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031