Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутатына, соның ішінде тұрғын үй мәселесіне қатысты айтылған пікірлердің буллингке ұласып бара жатқанын мәлімдеді.
Мәдениет және ақпарат министрі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Министрдің айтуынша, мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі бірнеше жылдан бері жүйелі түрде шешіліп келеді. Алғашқы жылдары журналистерге пәтер редакциялар ұсынған тізім бойынша берілсе, кейін бұл тәртіп өзгерген.
«Кейінгі жылдардан бастап бүгінге дейін пәтерлер тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана беріліп келеді», – деді Балаева.
Ол мемлекеттік органдар мен Құрылтай депутаттары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына мүмкіндігінше түсініктеме беруге тиіс екенін де атап өтті.
Сонымен бірге министр журналистерді кәсіби әдеп нормаларын сақтауға шақырды.
«Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды», – деді ол.
Балаева «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес кәсіби әдеп нормаларын сақтау журналистің міндетіне жататынын еске салды. Сондай-ақ журналистерді аккредиттеу талаптары мен іс-шаралар регламентін ғана емес, кәсіби әдепті де сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Балаеваның бұл жазбасына бұрын журналист болып жұмыс істеп, мемлекеттен пәтерді осы саланың қызметкері ретінде алған Құрылтай депутаты Армангүл Тоқтамұраттың журналистің тұрғын үйге қатысты сұрағына жауап бермеуінен туған дау түрткі болды.
30 тамыз 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31