Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз пранкке түсіруге тыйым салынбақ

Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз пранкке түсіруге тыйым салынбақ

Фото: freepik.com
Мәдениет министрі Аида Балаева елімізде адамдарды рұқсатсыз пранкке түсіруге тыйым салуды енгізу ұсынылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр мәселе пранктер мен жасырын түсірілімдерге қатысты екенін түсіндірді. Айтуынша, азаматтар осыған жиі шағымданып жүр. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, кімді, қашан және қандай жағдайда түсіруге болатынын анықтауы керек.
Журналистер "мұндай дауларды соттар да шеше алады" дегенде, Балаева халықтан әлі де көп шағым түсіп жатқанын айтты.
“Көп адамға тыныш жерге бару, жәй ғана серуендеу де мүмкін болмай қалды. Өйткені оларды үнемі видеоға түсіреді", – деді.
Журналистер бұл норманы шенеуніктерді қорғау үшін қабылдамақ деп сынады. Алайда Балаева шенеуніктердің жеке өмірі қалмағанын айтып, мәселе шенеуніктерде емес, жалпы тәртіпте екенін жеткізді.
20 қараша 2025 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031