Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады

Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады

Бұл – қазақстандық дзюдошының Grand Slam турнирлеріндегі алғашқы алтын медалі
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Лозаннада өткен Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін сенімді жетті. Жартылай финалда Жұбаназар Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Георгий Елбакиевті жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды.
Финалда қазақстандық дзюдошы Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Бұл – қазақстандық спортшының Grand Slam сериясындағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін биыл ол Париждегі Grand Slam турнирінде және Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.



30 тамыз 2026 ж. 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031