Қазалылық Абылайхан Жұбаназар - Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қытай Халық Республикасының Ордос қаласында 16-18 сәуір аралығында дзюдодан ересектер арасында Азия чемпионаты өтуде.
Орталық Азия елдерінің білекті балуандары бас қосқан байрақты бәсекеде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз, ұлттық құрама өкілі Абылайхан Жұбаназар ел қоржынына қола медаль салып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Финалдық кездесуде спортшымыз БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықта жеңіп, үздік үштікке енді.
Айта кетейік, жерлесіміз Абылайхан Жұбаназар осы кезге дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында және былтыр Парижде өткен “Grand Slam” халықаралық турнирінде үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдеге ие болған болатын.
Жерлесімізді жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!















