Қазалылық Абылайхан Жұбаназар Grand Slam халықаралық турнирінде топ жарды
Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан әлемнің үздік татами шеберлері бас қосқан Grand Slam халықаралық турнирі өтті.Бес құрлықтың 77 елінен 513 дзюдошы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын қорғаған қазалылық жерлесіміз Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жерлесіміз жарыс барысында қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп, финалдық белдесуде Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсіп, алтын медальді жеңіп алды.
Осылайша Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турниріндегі алғашқы алтынына қол жеткізді. Бұған дейін «Үлкен дулыға» сериясындағы жарыстарда бірнеше рет жүлдеге іліккен жерлесіміз бұл жолы чемпион атанып, өзінің спорттық мансабындағы маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді.
Қазалының абыройын асқақтатып, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғаған Абылайханның бұл жеңісі – туған жері үшін де зор мақтаныш.
Жерлесімізді айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!














