Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол саласының ардагеріне арналған мемориалдық тақта ашылды

Теміржол саласының ардагеріне арналған мемориалдық тақта ашылды

Қазалы локомотив жөндеу зауытында локомотив шаруашылығы саласының білікті маманы, Қазалы локомотив жөндеу зауытының еңбек ардагері, «Құрметті теміржолшы» Бектибаев Сұлтан Ерекешұлына арналған мемориалдық тақта ашылды.
Тағылымды шараға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, теміржол саласының ардагерлері, зауыт ұжымы, Сұлтан Ерекешұлының әріптестері мен жақындары қатысты.
Сұлтан Ерекешұлы Бектибаев – саналы ғұмырын отандық теміржол саласының дамуына арнаған, кәсіби білімі мен мол тәжірибесін локомотив шаруашылығын жетілдіруге жұмсаған білікті маман әрі іскер басшы.
1957 жылы Арал ауданындағы Тасты ауылында дүниеге келген Сұлтан Ерекешұлы 1983 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының тепловоз шаруашылығы факультетін тәмамдап, еңбек жолын Қазалы локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастады.
Қарапайым өндірістік қызметтен бастап, саладағы жауапты басшылық лауазымдарға дейін көтеріліп, локомотивтерді жөндеу ісін ұйымдастыруға, өндірістің тиімділігін арттыруға және теміржол техникасының техникалық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты.
Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» Батыс Қазақстан темір жолы басқармасында, «Желдорремонт», «Желдорреммаш», «АзияТрансКом», «Ассоциация Локомотив – Сервис», «Магистраль», «Қамқор» секілді ірі құрылымдарда жауапты қызметтер атқарып, өзінің кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытты.
Теміржол саласындағы мінсіз еңбегі мен өндірістік жетістіктері үшін 2003 жылы «Құрмет грамотасымен», ал 2007 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, Сұлтан Ерекешұлының өнегелі өмір жолына тоқталды. Оның Қазалыдағы теміржол саласының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ардагер теміржолшының кәсіби жолы кейінгі буынға үлгі екенін жеткізді.
Сұлтан Бектибаевтың өмір жолы – адал еңбек пен кәсіби шеберліктің, жауапкершілік пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Ол өзінен кейін мол тәжірибе, тағылымды өнеге қалдырды. Бүгінде оның тәлімін алған шәкірттері теміржол саласында түрлі жауапты қызметтер атқарып келеді.
30 тамыз 2026 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31