Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен мұны қолдаймын - Тоқаев 16 жасқа толмағандарға желіге тіркелуге тыйым салу туралы

Мен мұны қолдаймын - Тоқаев 16 жасқа толмағандарға желіге тіркелуге тыйым салу туралы

Фото: depositphotos.com
Президент өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Осы орайда, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр.
Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын", - деді Президент.
Бірақ, Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлау керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.
"Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет", - деді Президент.

28 тамыз 2026 ж. 78 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31