Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағайдан кейін Астана мен Алматыда аптап басталады

Найзағайдан кейін Астана мен Алматыда аптап басталады

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 шілдеге арналған Алматы мен Астана қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
25 шілде көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз күн күркірегенде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.
26 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
27 шілде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
25 шілде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.
26 шілде көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.
27 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.
Қазақстаннан Ираннан аптап келеді
Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанға Иран аймақтарынан ыстық ауа массалары келе бастайтынын ескерткен болатын. Күн күркіреп, нөсер жауын жауғанына қарамастан, батыс өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі, ал еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, күн күркіреуі және кей жерлерде бұршақ жаууымен тұрақсыз ауа райы сақталады.
24 шілде 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031