18 жасқа толған жас сайлаушылар өз таңдауын жасады

Қазалы ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауында алғаш рет дауыс беріп отырған 18 жасқа толған жас сайлаушылар өз таңдауын жасады.
Биыл аудан бойынша 18 жасқа толған 1413 жас алғаш рет сайлау учаскесіне келіп, азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіруге құқылы.
Алғашқы рет дауыс беру – жас азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуындағы маңызды қадам. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің бастауын айқындайтын ерекше сәт.
Айта кетейік, Қазалы ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауында 47 515 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Аудан бойынша 39 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
Жастардың сайлауға белсенді қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Алғашқы рет дауыс берген жас сайлаушыларға сәттілік тілейміз! Таңдауларыңыз ел ертеңіне оң әсер етсін!













