«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да Құрылтай сайлауында белсенділік танытты
Ел болашағы – жастардың қолында. Қоғамдық өмірге белсене араласып, елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген жастардың азаматтық ұстанымы – мемлекеттің жарқын келешегінің кепілі.Осы бағытта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да қоғамдық-саяси өмірден шет қалмай, маңызды шараларға белсенді қатысып келеді.
Құрылтай сайлауында еңбек жасақтарының жастары өз таңдауын жасап, дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Жастар үшін дауыс беру – тек сайлау учаскесіне барып, таңдау жасау ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті сезіну. Өз таңдауы арқылы олар қоғамның дамуына қатысты көзқарасын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.














