Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге бару – маңызды міндет

Әскерге бару – маңызды міндет

Аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары туралы мәжіліс өтті.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлыбек Сейтханов 2026 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындығы туралы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, Қазалы ауданының көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, аудандық медициналық комиссия төрайымы Раушан Қалуова 2026 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру кезінде денсаулығына байланысты «уақытша жарамсыз» болып кейінге қалдырылған азаматтарды уақытылы емдеу шараларын ұйымдастыру барысы туралы айтып өтті.
Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және аулыдық округ әкімдеріне күзгі мерзімді әскерге шақырылатындарды зерделеу жұмыстарына Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қолдау көрсетіп, сапалы ұйымдастырылуына және дер кезінде медициналық тексеруден өткізіп, азаматтық борышын өтеуге мүмкіндіктер жасауға бір кісідей атсалысуды тапсырды.
Мәжіліс соңында осы жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанында жауапкершілікпен белсене жұмыс жасаған бірқатар азаматтар аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
22 тамыз 2026 ж. 33 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 53

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31