Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары, мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Даурен Тілеумбетовтің төрағалығымен өткен мәжілісте мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды.
Даурен Оңғарбайұлы кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты.
Алдымен өткен жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарында орын алған кемшіліктер мен осы жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұрлан Көлбаев баяндады.
Мәжіліс соңында Д.Тілеумбетов тиісті сала басшыларына 2023 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 наурыз 2023 ж. 1 069 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930