Мерзімді әскерге шақыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары туралы мәжіліс өтті.Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлыбек Сейтханов 2026 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындығы туралы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, Қазалы ауданының көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, аудандық медициналық комиссия төрайымы Раушан Қалуова 2026 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру кезінде денсаулығына байланысты «уақытша жарамсыз» болып кейінге қалдырылған азаматтарды уақытылы емдеу шараларын ұйымдастыру барысы туралы айтып өтті.
Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және аулыдық округ әкімдеріне күзгі мерзімді әскерге шақырылатындарды зерделеу жұмыстарына Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қолдау көрсетіп, сапалы ұйымдастырылуына және дер кезінде медициналық тексеруден өткізіп, азаматтық борышын өтеуге мүмкіндіктер жасауға бір кісідей атсалысуды тапсырды.















