Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов 23 тамызда елімізде өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысын пысықтау мақсатында бірқатар елді мекендердегі сайлау учаскелерін аралады.
Аудан басшысы Өркендеу ауылындағы №89, Бірлік ауылындағы №74, Бекарыстан би ауылындағы №84, Майдакөл ауылындағы №69, Ү.Түктібаев ауылындағы №68 және Қожабақы ауылындағы №73 сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді.
Аудан әкімі сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлардың толық қамтамасыз етілуіне, учаскелердің санитарлық және техникалық талаптарға сәйкестігіне, сайлау комиссияларының жұмысына және азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық жағдай жасалуына назар аударды.
Сайлауды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы талаптарының қатаң сақталуы, дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығы қамтамасыз етілуі қажеттігін атап өтті. Сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлаушыларға қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр азаматтың дауыс беру құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауды тапсырды.
Аудан басшысы Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын көріп, білім ордасындағы №68 сайлау учаскесінің сайлауға толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде, бірер күн ішінде сапалы аяқтау қажеттігін айтты.
Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығы соңына дейін бақылауда болатынын айтып, жауапты сала басшылары мен комиссия мүшелеріне белгіленген талаптарды сақтап, сайлауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
19 тамыз 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31