Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелде жүрген қазақстандықтар Құрылтай сайлауында қалай дауыс береді?

Шетелде жүрген қазақстандықтар Құрылтай сайлауында қалай дауыс береді?

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған байланысты шетелде жүрген Қазақстан азаматтары да өздерінің конституциялық сайлау құқығын пайдалана алады.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі елшіліктері мен консулдықтары жанынан ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беруге сол елде тұрақты тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген, Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар барлық азаматтар қатыса алады. Олар сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Сонымен қатар жеке шақырумен, қызметтік, іскерлік немесе туристік мақсатпен шетелге барған Қазақстан азаматтары да дауыс беру мүмкіндігіне ие. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгініп, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжатын көрсету қажет. Осы талаптар орындалған жағдайда олар сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс бере алады.
Айта кету керек, егер сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың барлығы мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерсе, учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру рәсімінің белгіленген уақыттан бұрын аяқталғанын жариялауға құқылы.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің толық тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.
Шетелде жүрген әрбір Қазақстан азаматы сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдіре алады.
Орталық сайлау комиссиясы
07 тамыз 2026 ж. 44 0

7 тамызға валюта бағамы

07 тамыз 2026 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31